Өңірде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтілді. Мерекеге орай орталық алаңда ауқымды концерт ұйымдастырылды. Балдырғандар түрлі байқауларға қатысып, ойындар ойнап, күнді қызықты өткізді. 

Халықаралық балаларды қорғау күні облыс орталығында дәстүрлі түрде кең ауқымда аталып өтеді. Мерекелік іс-шара барысында жас жеткіншектер сурет салып, шахмат ойнады, сондай-ақ түрлі шеберлік сағаттарына қатысып, шығармашылық қабілеттерін шыңдады. балалардың көңілін көтеріп қана қоймай, олардың дамуына ықпал ететін мазмұнды бағдарламалармен ерекшеленді.

Мерекелік іс-шара жиналған жұрттың көңілінен шығып, ерекше әсер сыйлады.

Мерекеде сонымен қатар облыстық ТЖ департаменті балаларға арнап өрт сөндіру-құтқару техникасының көрмесін ұйымдастырды. Сондай-ақ, Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі балаларға арналған импровизацияланған қабылдау бөлімін ұйымдастырды.

СНХР: АЛЬБИНА ШИГОРБАЕВА, Ж. ТЛЕУЛИН АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Ботай арт галереясында дүниежүзіне танымал Владимир Третчиковтың өмірі мен шығармашылығына арналған мәдени іс-шара өтті. Студенттер Третчиковтың туындыларымен жақынырақ танысып, суретшінің ЕҢБЕКТЕРІН өз көзқарастарымен ақ қағазға ТҮСІРДІ.

СНХР: АЙШАБИБІ ХАДЕСОВА, «БОТАЙ» АРТ-ГАЛЕРЕЯСЫНЫҢ ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ


Көрмеде Третчиковтың әйгілі туындыларының репродукциялары, оның ішінде «Қытай қызы» атты картинасының көшірмесі ұсынылды. Бұл туынды 2013 жылы Лондонда өткен аукционында 982 050 фунт стерлингке сатылып, әлемдегі ең танымал репродукциялардың біріне айналды.