Өңір басшысы азаматтарды қабылдады. Кездесу барысында Қызылжар ауданы тұрғындары жер үлестеріне қатысты мәселелері туралы айтты. Оны шешу үшін Ғауез Нұрмұхамбетов арнайы комиссия құрып, жағдайды жан-жақты зерттеуді тапсырды.

Гүлвира Викторенко біраз жыл шетелде тұрған. Елге оралған соң, баспанасына қатысты құжаттарды рәсімдеумен жүргенде үйі отқа ораныпты.

СНХ: ГҮЛВИРА ВИКТОРЕНКО, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ


СНХ: СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ


Келесі болып қабылдауға Қызылжар ауданының тұрғындары келді. Олардың айтуынша, серіктестік басшысы пай үлестерін төлемей, жерлерін де қайтармай отыр.Облыс әкімі бұл мәселені назардан тыс қалдырмай, жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырма берді.Сондай-ақ, жағдайды жан-жақты қарап, орындалуын қатаң бақылауға алу керектігін айтты.