Оқушылар үшін көптен күткен жазғы демалыс басталды. Облыс орталығындағы Мұрат Айтхожин атындағы №1 жалпы білім беретін инновациялық орта мектептегі лагерь өз жұмысын бастады. Мұнда балалар үшін әр күн түрлі тақырыппен қызықты әрі мазмұнды түрде өткізеді.
Лагердегі балалар жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінген. Бастауыш сыныптың 96 оқушысы мұнда екі апта бойы демалып, түрлі танымдық, шығармашылық және ойын-сауық бағдарламаларға қатысады. Таңды балалар көңілді әуенмен қарсы алады – жаттығу жасап, бой сергітеді. Содай-ақ олардың әрқайсысы өз қызығушылығына сай үйірмелерге қатысып, өнер мен шеберлік сабақтарында қабілеттерін дамытады.
СНХР: МАРИНА СТЕЛЬМАШУК - М. АЙТХОЖИН АТЫНДАҒЫ №1 МЕКТЕПТІҢ АҒА ТӘРБИЕШІСІ
Одан бөлек бағдарламада кинотеатрға, мұражайларға және қуыршақ театрына бару қарастырылған. Барлық іс-шаралар қызықты форматта өтеді және олар тәжірибелі педагогтардың бақылауымен жүзеге асырылады.
СНХР: ТИМОФЕЙ ШИЛКИН - ОҚУШЫ
СНХР: АЛИСА КЛЕЕВА, ОҚУШЫ
Жазғы лагер білім ошағында жыл сайын ұйымдастырылады. Бұл ата-аналар үшін тиімді, ал балалар үшін бұл қауіпсіздік және қосымша танымдық сабақ.