Қаламыздағы көп қабатты үйлердің бірінің ауласында ерекше оазис пайда болды. Оны зейнеткер Бақытжан Әділов өз қолымен жасапты. Ол үшін ниет пен сәл ғана еңбек жеткілікті дейді автор. Ерекше кейіпке енген аулада қазір демалушылар мен ойын балалары көбейген.

Новая көшесіндегі 110-шы үйдің балалар алаңы жылдар бойы қараусыз қалған. Алғашында ауладағы өзгерістерді үй басшысы бастаған. Кейін бұл іске аула сыпырушысы болып еңбек еткен, бүгінде зейнеттегі Бақытжан Әділов білек сыбана кіріседі. Қазір аулада қолдан жасалған аркалар, шағын бағдаршамдар мен түрлі түсті құс үйлері бар. Барлығы тұрмыстық қалдықтар мен қажетсіз заттардан жасалған. Ұшақ, зымыран, секілді инсталляциялар ауланы жаңа кейіпке енгізіп, жаңаша көрік беріп тұр. Алғашында тұрғындар бұған тосырқай қараса, артынша өздері де көмек қолын созыпты.

СНХР: БАҚЫТЖАН ӘДІЛОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ


Ауланың бір бұрышындағы ақ тырналар мен көркем суреттен тұратын ерекше композиция Жеңістің мерейтойына орай жасалған. Мұнда әрдайым тазалық сақталады, көгал жайқалып тұр, көздің жауын алады. Балалар еркін ойнап, ересектер тынығып отырады. Қазір бұл аула – қаладағы ең көрікті әрі ұқыпты аулалардың бірі. Ал қарапайым зейнеткердің еңбегі көпшілікке үлгі болды. Ол өзгеге емес өз күшіңе сеніп айналаңды өзгертуге болатынын дәлелдеді.

СНХР: БАҚЫТЖАН ӘДІЛОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ


Жыл сайын бояу жұмыстарына зейнеткер шамамен 50 мың теңге жұмсайды. Бәрін өз қалтасынан шығарады. Алдағы уақытта Бақытжан аға жерлес велошабандоз Александр Винокуровқа арнап мүсін жасамақ.