№28-ші жалпы орта білім беретін мектебінде нашақорлықтың алдын алу жөнінде профилактикалық іс-шара өтті. Мақсат — жасөспірімдерге есірткі заттарын қолданудың қауіптілігі туралы ақпараттандыру. Спикерлер студенттерге нашақорлыққа қарсы күрес шараларын, есірткі заттарын өткізу және таратқаны үшін қолданылатын жаза түрлерін айтты.

Кездесу барысында құқық қорғау органдары мен қалалық жастар ресурстық орталығының өкілдері сөз сөйледі. Олар есірткі заттарын қолданудың нақты салдары және Қазақстандағы нашақорлыққа қатысты қылмыстардың статистикасы жайлы айтты. Биылғы жылдың алғашқы бес айында есірткіні заңсыз айналымға шығарғаны үшін 29 кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталған, олардың екеуі Солтүстік Қазақстан облысында.

СНХР: ЗАРИНА ПОПОВА, СҚО ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ


Бүгінгі іс-шара ерекше форматта өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті. Ең белсенді қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

СНХР: АРЫСТАН ОРАЗАЕВ, ОҚУШЫ


Кездесу барысында барлық қатысушыларға есірткіге байланысты пайдалы ақпарат пен арнайы қызметтердің байланыс нөмірлері көрсетілген түсіндірме қағаздары таратылды. Мұндай профилактикалық іс-шаралар қаладағы барлық мектептер мен колледждерде жиі өткізіліп тұрады.

СНХ: ДАМИР АБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Есірткіге қарсы күрес барша қоғамның жауапкершілігі болып табылады. Тек қоғам болып бірігіп, есірткіге қарсы күреске атсалыссақ, бұл мәселенің шешімін табуға мүмкіндік болады дейді ұйымдастырушылар.