Бүгін Халықаралық отбасы күні. Осыған орай облыс орталығында «Отбасы ағашы» акциясы өтті. Іс-шараға 50-тан астам жанұя қатысып, қалалық саябақта әр қайсысы бір-бір түп көшеттен отырғызды.
Іс-шараның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды нығайту және табиғатқа жауапкершілікпен қарау. Көгалдандыру жұмыстары отбасы мүшелерін жақындастырып, ұмытылмас сәттер сыйлайды. Биылғы акцияға шамамен 200 адам қатысты.
СНХР: ГҮЛБАРАМ ЫБРАЕВА –ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Акцияға қатысушылар саябақ аумағына барлығы 50-ден астам көшет отырғызды. Олардың қатарында алма, шие ағаштары, терек пен шыршалар бар.
СНХР: МАРИЯ ГАЛЕЕВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
СНХР: АЛМАС ЖАПАБАЕВ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Бүгін отырғызылған әрбір ағаш – табиғатқа жанашырлықпен қараудың және отбасылық құндылықтардың маңыздылығын еске салатын белгі болмақ.