М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «ТМД елдеріндегі аэроғарыш өнеркәсібі үшін орнықты даму, ғылыми зерттеулер және кәсіби кадрлар даярлау» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті. Жиынға көршілес мемлекеттерден және елімізден ғалымдар қатысты.

Семинарға Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан және Қазақстаннан келген ғалымдар мен әзірлеуші мамандар қатысты. Олардың қатарында өңірдегі ең көне ғылыми-зерттеу мекемелерінің бірі – Ионосфера институтының мамандары да бар. Дәл осы институт өкілдерімен Kozybayev University ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

СНХР: ӘНУАРБЕК ҚАҚАБАЕВ, KOZYBAYEV UNIVERSITY ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА МҮШЕСІ


Кездесу ғылым мен білім беру саласындағы ынтымақтастықты тек ел арасында ғана емес, басқа мемлекеттермен де нығайтуды мақсат етеді. Меморандум аясында Kozybayev University қабырғасында аэроғарыш өнеркәсібіне қатысты бірқатар мамандықтар бойынша студенттерді оқыту жоспарлануда. Қазірдің өзінде мұнда робототехника бойынша ғылыми жобалар қолға алынған. Алдағы уақытта университет базасында ғарышты зерттеуге арналған арнайы марсоходтар әзірлеу көзделіп отыр.

СНХР: АНДРЕЙ СОЛОДОВНИК, KOZYBAYEV UNIVERSITY ПРОФЕССОРЫ


Жаңа оқу бағдарламалары келесі жылы енгізіледі. Студенттер Жерді ғарыштан бақылауға арналған құрылғыларды өз бетімен жобалауға мүмкіндік алады.