Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысында тыл еңбеккерлері құрметке бөленіп, марапатталды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов 20 ардагерге төсбелгі табыстады. Олар – майданда болмағанымен, қажырлы еңбегімен жеңісті жақындатқан жандар.
Тыл еңбеккерлері соғысқа қатыспаса да, олардың жеңіске қосқан үлесі орасан. Олар – зауыт-фабрикаларда, мектептерде, ауруханаларда қажырлы еңбек еткен жұмысшылар, мұғалімдер мен дәрігерлер. Көпшілігі соғыс жылдарын балалық шағында өткерді. Жеңістің 80 жылдығына орай облыстық әкімдікте тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді.
СНХР: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қазіргі таңда облыста 2 396 тыл еңбеккері тұрады. Оның 34-і – түрлі медаль иегері. Бесеуі – Ленинград қоршауында болған, тоғыз адам – бала кезінде концлагерь тұтқынында болғандар. Бүгін марапатталған 20 адамның кейбірі соғыс жылдарын еске алып, көзіне жас алды. Қиын күндердің естелігі ешқашан ұмытылмақ емес.
Президент жарлығына сәйкес Ғауез Нұрмұхамбетов тыл еңбеккерлеріне « Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» медалін табыстады. Солардың бірі – Мамлют ауданының тұрғыны Қайни Абылкасова.
СНХР: ҚАЙНИ АБЫЛҚАСОВА – ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІ, МАМЛЮТ АУДАНЫ
Марапатталған әрбір жан – тұнып тұрған шежіре. Жастары егде тартқанымен, рухтары мықты, жүректерінде мейірім мол. Солардың бірі – небәрі 7 жасынан бастап еңбекке араласқан Шолпан Какелеева.
СНХР: ШОЛПАН КАКЕЛЕЕВА – ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІ
Отан соғысы майдандарында 1 миллион 300 мыңнан астам қазақстандық жауға қарсы күресті. Солтүстік Қазақстан облысынан 90 мыңнан астам адам майданға аттанды, олардың үштен бірі сұм соғыстан оралмады. 55 солтүстікқазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.