Облыс орталығында «Сапалы білім – ұлт болашағы» атты педагогикалық форумы өтті. Жиында бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, тренингтер өткізілді. Сондай-ақ, іс-шара соңында аудандық білім бөлімінң басшылары мен М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың белсенді студенттеріне алғыс хат табысталды.

Қозыбаев универсиетінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға облыстық білім бөлімдерінің басшылары қатысып, білім саласындағы өзекті мәселелерді талқыға салды. Сондай-ақ, облыстық кәсіптік бағдар беру мамандарына арналған тренинг өткізілді.

СНХ: АЙГҮЛ НҮРПЕЙІСОВА, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ БАСҚАРМА МҮШЕСІ


Сондай-ақ, ауқымды форумда Қозыбаев университеті облыстық білім басқармасымен бірге жасасқан меморандум аясында іске асырған 3 жобаны таныстырып, қатысушылар назарына ұсынды. Жалпы, жиынға облыстың түкпір-түкпірінен келген білім саласының мамандары қатысты. Айта кетейік, Шал ақын ауданының білім бөлімі М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың агротехнологиялық факультетімен тығыз қарым -қатынаста жұмыс істейді.

СНХ: БҰЛБҰЛ АХМАДИҚЫЗЫ, ШАЛ АҚЫН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ


Жалпы, Шал ақын ауданында барлығы 29 мектеп бар. Онад 2600-ден атсам бала оқиды. Педагогикалық форум соңында аудандық білім бөлімінің басшылары нәтижелі серіктестік жұмыстары үшін Қозыбаев университетінің Басқарма Төрағасы – Ректорының алғыс хатымен марапатталды.