Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінде жас дарындардың басын қосқан «Мағжан оқуларының» облыстық кезеңі өтті. Бұл өңір оқушылары үшін жыл сайынғы маңызды дода. Мәнерлеп оқу додасына Мағжанның 90 өлеңін жаттап келген оқушылар да болды.

Іс-шараны Қызылжар дарыны орталығы ұйымдастырды. Оған өңірдің 7-11 сынып оқушыларынан барлығы 45 жас өрен қатысуға ниет еткен.

СНХР: ЖҰЛДЫЗАЙ ИМАНБЕКОВА, ҚЫЗЫЛЖАР ДАРЫНЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ


Байқау үш бағыт бойынша өтті. Бірі – Мағжан өлеңдерін жатқа оқу, екіншісі – ғылыми жобалар қорғау, үшіншісі – шығармашылық жұмыстар. Мағжан оқуларының тұрақты қатысушысы – Ерболат Жүсіп. Әл-Фараби мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы бұл байқауға ерекше дайындықпен келген. Ол 90-ға жуық өлең жаттап келіпті. Өлеңдерді мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу – оңай емес дейді жас дарын. Биыл – облыстық кезеңге қатарынан төртінші рет жолдама алған.

СНХР: ЕРБОЛАТ ЖҮСІП, «ӘЛ-ФАРАБИ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ» КММ 10 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ


Мағжан Жұмабаевтың терең ойлы, көркем сөзге бай өлеңдері – Даяна Сапарғалиеваның әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятқан. Мамлют ауданы, Бексейіт орта мектебінің 9-сынып оқушысы «Өлеңім менің Шолпаным, айым, күнім» номинациясы бойынша сынға түсуде. Бұл — оның Мағжан оқуларына екінші мәрте қатысуы. Өткен жылы жүлделі екінші орынды еншілеген жасөспірім, биыл жеңіс тұғырынан көрінуге ниетті.

СНХР: ДАЯНА САПАРҒАЛИЕВА, МАМЛЮТ АУДАНЫ БЕКСЕЙІТ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ 9 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ


Байқау қорытындысы бойынша үздік қатысушылар дипломдармен марапатталып, Петропалда маусымның 23-24 күндері өтетін республикалық кезеңге жолдама алады.