Бүгін Ақан сері атындағы облыстық филармонияда Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті. Жиында Ермек Серкебаев атындағы өнерлі балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты – колледжінің студенттері өнер көрсетті. Сондай-ақ, көрме де қанат жайды.
Бұл концерт – майдан даласында ерлікпен қаза тапқандар мен аман қалған ардагерлерге арналған музыкалық тағзым. Мерекелік шараның бағдарламасы бағыты мен стильі жағынан алуан түрлі. Орындалған туындалылар сол кезде майдандағы сарбаздарға рух берсе, тылдағы аналар мен балаларға үміт сыйлады.
СНХ: ӘЛИЯ ҒАЛАУТДИН, Е.СЕРКЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ӨНЕР КОЛЛЕДЖІ-ӨНЕРДЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Соғыс тақырыбын арқау еткен көрме де қанат жайды. Филармонияның фойесінде «Кескіндеме» мамандығының студенттерінің жауынгерлердің ерлігі мен соғыс көріністерін бейнелейтін картиналары ұсынылды.
СНХ: АННА СТЕЛЬМАШУК, Е.СЕРКЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ӨНЕР КОЛЛЕДЖІ-ӨНЕРДЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ СТУДЕНТІ
Кеш барысында хордың орындауында "Атамекен", "День Победы" сынды патриоттық әндер шырқалады. Сондай-ақ, студенттер соғыс кезіндегі шайқас пен сарбаздардың демалыс сәттерінен көрініс қойып, көрерменге терең ойлы әсер сыйлады.