Жергілікті М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде интерактивті видеостудия ашылды. Мультимедиялық студия интерактивті тақтамен және басқа да озық үлгідегі техникалық жабдықтармен жабдықталған. Бұл оқытушыларға заманауи әдістер мен құралдарды қолдана отырып сабақтар мен семинарлар өткізуге мүмкіндік береді.

Мультимедиялық студия университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инновациялық жобаларын дамытуға серпін бермек. Ол студенттердің оқу үдерісіне қатысуын арттырып, ғылыми-тәжірибелік қызметтің сапасын көтеруге ықпал етеді. Сондай-ақ, мұнда жаңашыл жастар сапалы контенттер мен подкаст түсіре алады.

СНХ: ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ - РЕКТОР


Студияда оқытушылар өз дәрістерін жаңа технологиялық деңгейде өткізе алады. Түрлі визуалдау әдістерін қолдану арқылы оқу материалы көрнекі әрі қолжетімді бола түседі.

СНХ: ЛЮДМИЛА ГРИВЕННАЯ – М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ» КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ


Жоғары оқу орны басшылығының сөзінше, бұл жоба университеттегі оқу процесін жетілдіріп, білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болмақ.