Кеңес Одағының Батыры атағы 1934 жылы жеке немесе мемлекет алдындағы айрықша еңбегі үшін бекітілді. Солтүстік Қазақстан облысынан шыққан 55 азамат осы жоғары марапатқа ие болды. Олардың әрқайсысының ерлігі – тарихтың бір бөлігі, ұрпаққа үлгі. Солардың бірі – Сергей Гаврилович Гуденко. Біздің түсірілім тобы осы атаққа алғаш ие болған қазақстандық — Кеңес Одағының Батыры Сергей Гуденконың шөбересімен кездесті.

Сергей Гуденконың шөбересі Софья Линник – Мамлют ауданы Дубровное орта мектебінің 11-сынып оқушысы. Ол қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, спортпен айналысады және болашақта құқық қорғау органдарында қызмет етуді армандайды. Софья мен анасы, педагог Марина Анатольевна, Петропавлда өткен Жеңіс туын көтерген батырларға арналған халықаралық конференцияға қатысты. Сергей Гуденконың ерлігі мен оның ұрпақтарының белсенділігі – патриотизм мен отансүйгіштіктің жарқын үлгісі.

СНХР: МАРИНА ЛИННИК, ҰСТАЗ


Жапон милитаристеріне қарсы шайқастарда көрсеткен ерлігі мен батырлық танытқаны үшін 1938 жылдың 25 қазанда Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен қатардағы жауынгер Сергей Гуденкоға Ленин ордені табысталып, Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталды. Гитлершіл басқыншылармен соғыс басталған сәттен бастап лейтенант Гуденко алдыңғы шепте болды. 1941 жылдың 23 маусымында ДОТ гарнизоны жаумен соңғы оғы қалғанша шайқасты. Осы ұрыста лейтенант Сергей Гуденко ерлікпен қаза тапты.

СНХР: СОФЬЯ ЛИННИК, СЕРГЕЙ ГУДЕНКОНЫҢ ШӨБЕРЕСІ


Уақыт өте келе сарғайған газет беттері өшіп, тарихшылар арасында пікірталас жалғасуы мүмкін. Алайда, өткенді ұмыту мүмкін емес. Жеңістің 80 жылдығы өтсе де, батырдың 18 жастағы шөбересі өз эссесінде былай деп жазды: «Ұмытылмас естелік бар! Мәртебелі даңқ бар! Батырлардың қабірлеріндегі ескерткіштердің түбінде гүлдер ешқашан солмасын. Гүлденген жер, бейбітшілік, халықтар достығы – Жеңіске жете алмаған, Отан үшін шайқаста қаза тапқан жандарға арналған ең жақсы ескерткіш»