Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде алғаш рет "Әке – баланың темірқазығы" атты әкелер форумы өтті. Маңызды жиын оқушы ұлдарды және олардың әкелерінің басын қосты. Бұл іс-шара былтыр мектепте өткен Аналар форумының жалғасы ретінде ұйымдастырылып, отбасы тәрбиесінде әкенің рөліне баса назар аударылды.
Форум ашық пікірталас форматында өтті. Онда қатысушылар әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі, отбасылық құндылықтар мен ата-аналардың балаларына беретін үлгісі туралы өз ойларымен бөлісті. Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар, қамқоршылық кеңесінің өкілдері мен оқушылардың әкелері қатысты.
СНХР: ЕРБАҚЫТ АМАНТАЙ - АТА-АНА
Мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Алмас Жапабаев өз балаларын қалай ынталандыратынын, Iron Man-ға қатысу тәжірибесі жайлы көпшілікпен бөлісті. Марат Кәрімовтің ұлы Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы, әлемдегі ең беделді оқу орындарының бірі-Пенсильвания университетіне оқуға түсті. Бұл жетістікке жетуде ата-анасының қолдауы мен тәрбиесі маңызды рөл атқарды. Форумда Қайролла Ғафуровтың қатысуы баланың өміріндегі әке рөлінің маңыздылығын айқындай түсті. Ол өз сөзінде әкенің бала тәрбиесіндегі орны мен жауапкершілігіне ерекше тоқталып, отбасындағы әке мен баланың арасындағы сенімді қарым-қатынастың бала тұлғасының қалыптасуына әсері зор екенін атап өтті.
СНХР: ҚАЙЫРЛЫ ҒАФУРОВ - АТА-АНА
Сондай-ақ, "Сенімен Болашақ" республикалық қоғамдық бірлестігінің өңірлік өкілі саналы ата-ана болу мәдениетін қалыптастыру туралы баяндап берді. Сондай-ақ, форум баланың өміріндегі әкенің маңызды рөлін еске салатын және шабыттандыратын кездесу болды. Қатысушылар мұндай іс-шаралар қолдау мен сенімнің біртұтас кеңістігін құрай отырып, отбасы мен мектептің байланысын нығайтуға көмектесетінін атап өтті.