Даулы мәселенің бәрін саяси диалог арқылы шешу керек. Бұл Қазақстанның мызғымас ұстанымы. Дегенмен қамсыз отыруға болмайды. Армиямыз кез келген сәтте өз міндетін орындауға сақадай сай тұруы тиіс. Осылай деп мәлімдеген Мемлекет басшысы бүгін Ақордада әскерилерді марапаттап, бірқатарына сыныптық шендер тапсырды. Жоғарғы Бас қолбасшысы сардарлар мен сарбаздарды алдағы Отан қорғаушы күнімен құттықтады. Мереке күндері елге қорған болып жүрген азаматтарға құрмет көрсету, отан үшін от кешкен аға буынның рухына тағзым етіп, олардың ерлігін ұрпақтың жадында жаңғырту дәстүрге айналғанын атап өтті.

CНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ


Президент мемлекет қарулы күштердің әлеуетін нығайтуға айрықша мән беріп отырғанын айтты. Ел әскері ең озық қару-жарақпен қамтылып, қорғаныс өнеркәсібі дамып келеді. Былтыр Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясын алғаш рет дербес орындауға кірістік. Бұл қадам халықаралық қауымдастықтың Қазақстан армиясына сенімі жоғары екенін көрсетеді деді. Жиын соңында Мемлекет басшысы күштік құрылымның өкілдеріне жоғары мемлекеттік наградалар мен сыныптық шендер табыстады.

СНХ: СЕРІК БОРАМБАЕВ ҚР ӘСКЕРИ - ТЕҢІЗ КҮШТЕРІНІҢ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ


СНХ: АЙНАГҮЛ КӘРІПОВА ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ҚЫЗМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ