Петропавлда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Үміт» атты облыстық спартакиада өтіп жатыр. Оған облыс орталығы мен барлық аудандардан келген 330 спортшы қатысуда. Әріптесім пауэрлифтинг пен дартс жарыстары өтіп жатқан «Қарасай» стадионына барып қайтты.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Үміт» спартакиадасы – дәстүрлі шара. Алғаш рет 1997 жылы өткен бұл жарысқа сол кезде 32 адам қатысқан. Ал бүгінде қатысушылар саны он есе артқан. Спортшылар бірнеше алаңда бақ сынап жатыр.
СНХР: ВЯЧЕСЛАВ ЛАТЫШЕВ – БАС ТӨРЕШІ
Қатысушылардың қатарында пауэрлифтинг сияқты ауыр спорт түрінде әйелдер де, ерлер де бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл спортта басты көрсеткіш – күш. Лаптенколар жұбы пауэрлифтингпен 2001 жылдан бері айналысады. Бір-бірімен осындай жарыста танысқан.
СНХР: ОКСАНА ЛАПТЕНКО – ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ. ТАЙЫНША АУДАНЫ
Келесі спорт түрі бұлшықет күшін қажет етпейді, дартс ойыны кезінде ең маңыздысы — толқуды жеңіп, ұсақ моторика және лақтыру техникасы қажет.
СНХР: ТАТЬЯНА ГОРКУН – ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ
СНХР: МАКСИМ ДМИТРИЕВ – ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, ЕСІЛ АУДАНЫ
Жарыс екі күнге созылады. Үздік командалар ауыспалы кубоктармен марапатталады, ал жеңімпаз спортшыларға медальдар мен дипломдар табыс етіледі.