Ерлікке тағзым – ұпрақ парызы. Абылай хан резиденциясында Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай іс-шара өтті. Мұнда соғыс жылдарындағы әндер шырқалып, көрмеге сол жылдардан көрініс ретінде түрлі қару-жарақтар қойылды.

Жеңіске Қазақстан өлшеусіз үлес қосты: 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық майданға аттанып, оның 600 мыңнан астамы елге оралмады. Бұл – жай ғана еске алу күні емес, бұл – өз өмірін құрбан еткен жандардың алдында тұрған моральдық парызымыз. Қазақ жауынгерлерінің ерлігін ұмытпау үшін Петропавл қаласында түрлі іс-шаралар өткізілуде. Абылай хан резиденциясы музей кешенінде концерт пен көрме ұйымдастырылып, сарбаз ботқасы таратылды.

СНХР: АЯН САДАЕВ, «АБЫЛАЙ ХАН РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» МУЗЕЙ КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ


Жанбатыр Сартаев соғыс ардагері болған әкесі Нұртай Сартаевтың майдандағы ерлігін тебірене еске алды. «Әкем Отан соғысы жылдары 200-артиллериялық полкте зеңбірекші болған. Курск пен Орёл түбіндегі шешуші шайқастарға қатысып, жауға қарсы жан аямай соғысты. Майдан даласын басып өтіп, Берлинге дейін жеткен,» – деді Жанбатыр Сартаев.

СНХР: ЖАНБАТЫР САРТАЕВ, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, АКАДЕМИК


Айта кету керек, аталмыш іс-шара жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл — өткенді ұлықтап, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты сіңірудің бір жолы.