Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Петропавл қаласында жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан облыс чемпионаты өтті. Ұлттық ойынның дамуына серпін беретін бұл жарысқа өңірдің әр ауданынан келген жас спортшылар қатысып, өз шеберліктерін сынға салды.

Облыс бойынша 100-ден астам мектеп оқушысы бақ сынаған тоғызқұмалақ чемпионаты тартысты әрі қызықты өтті. Екі күнге созылған додада қатысушылар ұлттық ойынның классикалық және блиц түрінен өзара мықтыны анықтады. Зияткерлік қабілетті дамытып, ой ұшқырлығын арттыратын бұл ойын жас өрендердің үлкен қызығушылығын тудырды.

СНХР: МЕЙРАМБЕК ӨТЕНОВ, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ


«Тоғызқұмалаққа деген қызығушылығымды оятқан ағам»,- дейді спорттық додаға қатысушы Аяна Оразалиева. Бүгінде ұлттық ойынмен айналысып жүргеніне бес жыл болған ол аудандық және облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.

СНХР: АЯНА ОРАЗАЛИЕВА , ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ


Мамлют ауданынан келген 10 жастағы Тоғжан Абдрахманның ұлттық ойынның бұл түрімен айналысып жүргеніне небәрі жеті ай болса да, жарыстарға белсене қатысып жүр.

СНХР: ТОҒЖАН АБДРАХМАН, ҚАТЫСУШЫ, МАМЛЮТ АУДАНЫ


Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған қатысушылар тоғызқұмалақтан Қостанай қаласында өтетін республикалық чемпионатқа жолдама алды.