Биыл Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл. Қан майданның қаһарлы күндері алыстағанымен, сол жылдардағы жауынгерлеріміздің ерліктері мәңгі жадымызда. Отан үшін от кешкен, елін жаудан қорғаған батырлардың бірі- Әбілмәжін Бәшіров. Ол 1941 жылы Петропавлда құрылған 314 атқыштар дивизиясының сапында болған. Ленинград үшін шайқаста ерлікпен көзге түсті.

Ұлы Отан соғысы — қазақ халқы үшін ең ауыр, ең қатерлі сын болды. Сол зұлмат жылдары ел тағдыры таразыға түскен сәтте жүздеген мың қазақ жауынгері Отан үшін от кешті. Солардың бірі – ерлігімен жауынгерлік шежіреге айналған 314-атқыштар дивизиясының сарбазы, аға сержант Әбілмәжін Бәшіров еді.

СНХР: ЖҮСІП БӘШІРОВ – ӘБІЛМӘЖІН БӘШІРОВТЫҢ ҰЛЫ


Әбілмәжін Бәшіров 24 жасында әскер қатарына шақырылып, бірден артиллериялық бөлімге өтініш береді. Бұған дейін әскерде атқыш болып қызмет еткен ол, дәлдік пен есепке жүйрік екенін жақсы білетін. Майданда ол снаряд ұшырудың нақты есеп-қисабымен айналысып, көп ұзамай командир шенін иеленеді. Жерлесіміз 1074-атқыштар полкінің минометшілер ротасында ерекше көзге түсіп, әр ұрыста дәлдігімен танылған. Ұлы Жүсіп Бәшіровтың айтуынша, ол нағыз мерген болған — жасаған өлшемдері дәл түсіп, атқан снаряды нысанадан ешқашан мүлт кетпеген.

СНХР: ЖҮСІП БӘШІРОВ – ӘБІЛМӘЖІН БӘШІРОВТЫҢ ҰЛЫ


Майдан шебіндегі әр сәт – өмір мен өлімнің арпалысы. Жауынгерлер үшін әрбір күн, әрбір снарядтың бағыты маңызды болды. Осындай ауыр шақтарда рухын жоғалтпаған жауынгерлердің бірі – Әбілмәжін Бәшіров. Оның ерлігі мен тапқырлығын бүгінде ұлы Жүсіп Бәшіров естеліктер арқылы жеткізеді. Сол естеліктердің бірінде майдан даласына жоғарыдан келген қолбасшы Ворошиловтың әрекеті де ерекше сақталып қалған.

СНХР: ЖҮСІП БӘШІРОВ – ӘБІЛМӘЖІН БӘШІРОВТЫҢ ҰЛЫ


Ленинград блокадасынан босатылғанына биыл 81 жыл толды. 900 күн бойы жауынгерлер қала үшін жанталаса шайқасты. Отан үшін жанын қиған жерлестеріміздің кейбірі майданда ерлікпен қаза тапса, ал енді біреулері із-түссіз жоғалып кеткен.