Петропавлда "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясының аясында кезекті жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға мемлекеттік орган өкілдері мен қала тұрғындары белсенді қатысты.
Солтүстік Қазақстан облыстық Әділет департаментінің ұжымы жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты. Олар Мұхтар Әуезов көшесінің бойын тазалап, айналаны абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Қызметкерлер жерде жатқан қоқыстар мен сынған ағаш бұтақтарын жинап, көшені ретке келтірді. Сенбіліктің басты мақсаты – қаланың тазалығын сақтау, жайлы әрі көрікті орта қалыптастыру.
СНХР: АДАЙ МАҒЗҰМОВ, СҚО ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Сонымен қатар, тазалық акциясына Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымы да белсене атсалысты. Олар да өздеріне бекітілген аумақты тазалап, сенбіліктің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты.
СНХР: АЙСҰЛУ ЖАПАРОВА, ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ
Жалпықалалық сенбілік – қоғамның табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, бірлік пен тазалыққа бастайтын игі іс.