«Есірткісіз болашақ». Петропавлда СҚО ПД есірткі қылмыстарының алдын алу жөніндегі кеңестің ұйымдастыруымен алғаш рет жүгіру марафоны өтті. Іс-шараға 30-дан астам адам қатысты. Олардың қатарында жүгіру клубтарының мүшелері, қоғамдық ұйым өкілдері, блогерлер, БАҚ қызметкерлері мен қаланың белсенді тұрғындар бар. Айта кетейік, жыл басынан бері облыста 117 есірткіге қатысты қылмыстық құқықбұзушылық анықталды. 287 алдын алу шарасы өткізілген.

Жүгіру марафоны Есірткі қылмыстарының алдын алу кеңесінің қолдауымен алғаш рет ұйымдастырылды. Ұраны – «Есірткісіз болашақ». Спорттық іс-шараға қатысушы 30-дан астам адам 1 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.

СНХР: Тимур Әлжанов – СҚО ПД есірткі қылмыстарының алдын алу кеңесінің мүшесі


Марафонға қатысушылар рекорд орнату үшін ғана емес, саламатты өмір салтын насихаттап, қоғамның есірткіге қарсы екенін көрсету үшін жүгірді. Спорттық іс-шарада қаланың бірнеше жүгіру клубы белсенділік танытты.

Іс-шара соңында барлық қатысушылар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.