«Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ-да кәсіптік мамандықтар бойынша білім алып жатқан түлектерге арналған ашық есік күні өтті. Студенттер кәсіпорынның ішкі жұмысымен танысты. Мұнда бүгінгі таңды 200-ге жуық бос жұмыс орны бар.

Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы колледждер мен жоғары оқу орындарының кәсіптік мамандықтарында оқитын түлектеріне ашық есік күнін ұйымдастырды. Қазіргі уақытта кәсіпорында 200-ге жуық бос жұмыс орны бар. Жалпы мұнда мыңнан астам адам еңбек етеді..

СНХР: СЕРГЕЙ ГАВРИЛОВ – «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ТАРАТУ КОМПАНИЯСЫ» АҚ БАС ИНЖЕНЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


Студенттерге энергетиктердің міндеттері, құрылымдық бөлімшелердің жұмысы, электр техникалық жабдықтарды пайдалану және қызмет көрсету процесі түсіндірілді.

СНХР: ВЛАДИМИР ЩУКИН – Б.ӘШІМОВ АТЫНДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ МАШИНА ЖАСАУ ЖӘНЕ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ


Сондай-ақ түлектерге орталық диспетчерлік қызметтің және қосалқы станциялардың жұмысы көрсетіліп, техникасы таныстырылды. Компания бас директорының айтуынша, жас мамандар сұранысқа ие, олар үшін барлық жағдай жасалған.

СНХР: АЛЕКСАНДР ЧЕКУЛАЕВ – «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ТАРАТУ КОМПАНИЯСЫ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ


Компания қызмет көрсететін аумақтың жалпы көлемі – 45 мың шаршы шақырым. Онда 382 елді мекен, оның ішінде төрт қала бар.