Су басу қаупі бар Тепличное ауылында тасқынға қарсы жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан бөгетті нығайту жұмысы бір сәт тоқтаған жоқ. Керісінше көмекке келгендер саны артты.

Тепличное елді мекенін су басу қаупі сейіле қойған жоқ. Төтенше жағдайлар қызметі, жергілікті атқарушы органдар, әскери қызметшілер жағдайды бақылауда ұстап, тасқынға қарсы күресті бәсеңдеткен жоқ. Жан-жақтан қосымша адам күші тартылып жатыр. Мәселен Есіл ауданынан келген көмек бөгетті нығайту жұмыстарына ат салысты.

СНХ: САМАТ ҚАБЫЛБАЕВ, АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС БРИГАДАСЫ БАТАЛЬОН КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


Табиғат тосын мінез танытып тұр. Қолайсыз ауа-райы тасқынмен күреске тоқтау салмады. Қауіптің алдын алу – басты мақсат.

СНХ: МАРАТ МҰХАМЕДИАР, ҚР ҰҰ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 3 КУРС КУРСАНТЫ


Құм салынған қаптар дайындалып, өзен арнасы бақылауға алынды. Мамандар жағдай толық тұрақталғанша тәулік бойы кезекшілік атқарады.