Нашақорлық, есірткі тарату бүгінгі таңда қоғам дертіне айналып отыр. Қазіргі таңда онымен күрес жан-жақты жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі 2025 жылды «құқықбұзушылықтың алдын алу жылы» деп жариялады. Осыған сәйкес, «Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру мақсатында облыс прокурорлары Петропавлдағы колледж студенттерімен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, оған облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов қатысты.

Кездесу барысында жастарға алдымен «нашақорлықтың зияны» туралы баяндайтын бейнеролик көрсетілді. Жалпы, бұл жиынның басты мақсаты - жастардың есірткі тасымалдау және тағы да басқа құқықбұзушылық әрекеттерге баруының алдын алу.

СНХ: РУСТАМ НАСИРОВ. ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ


Мамандардың сөзінше, қазіргі таңда балалар арасындағы және кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстардың саны 20 пайызға дейін азайған.

СНХ: САЯЖАН ЕЛУБАЕВА, ЖОҒАРЫ ҚҰРЫЛЫС-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ


Сондай-ақ, қазіргі таңда өңірде «Жасөсіпірім» жедел -профилактикалық іс-шарасы жүріп жатыр. Ол 6 мамырға дейін жалғасады.