Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, СҚО Қызылжар ауданы Большая Малышка ауылында су басу қаупі жағдайында жұмысты жалғастыруда.
Қазіргі уақытта ауылдың 20-дан астам тұрғыны жатақханаға орналастырылды, тағы 50-ге жуық адам уақытша туыстарын паналауда. Полиция аулаларды аралап, тұрғындарға су деңгейінің көтерілуіне байланысты, үйлерін уақытша қалдыру қажеттігін түсіндірді. Азаматтарға толық көмек көрсету ұйымдастырылды: тәртіп сақшылары мүлікті қауіпсіз жерге шығарып, тұрғындардың өтініштерін орындауда, тұрмыстық мәселелерді шешуге жәрдемдемдесуде.
СНХ: РУСТАМ САДУЛОВ — ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ