Қызылжар ауданының Тепличное ауылында су тасқынына қарсы жұмыстар қызу жүріп жатыр. Тасқынның алдын алу мақсатында бөгеттерді нығайтуға Ғабит Мүсірепов, Шал ақын, Жамбыл және Есіл аудандарынан адамдар келіп, көмек көрсетуде.

Қазіргі таңда Тепличное ауылындағы негізгі міндет — судың ауыл ішіне кіруінің алдын алу. Бұл үшін еріктілер мен арнайы жасақталған топтар бөгеттерді күшейтіп, қапшықтарға құм толтырып, оларды су жолына тосқауыл ретінде орналастырып жатыр. Ауыл тұрғындары мен көмекке келген азаматтар бірлесе әрекет етіп, қауіпті сейілтуге бар күшін салуда. Қиын сәтте қол ұшын созу — әр азаматтың борышы,-дейді Шал Акын ауданы әкімінің орынбасары Нұрбек Нәбиев.

СНХР: НҰРБЕК НӘБИЕВ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


Төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті әкімдік үйлестіру жұмыстарын жүргізуде. Су деңгейі қатаң бақылауда. Қажет болған жағдайда қосымша техника мен адамдар тартылады.

СНХР: ЕРЛАН АМАНЖОЛОВ, Ғ. МҮСІРЕПОВ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


Мұнда көмекке келген адамдар үшін барлық жағдай жасалған. Олар үшін арнайы орындар дайындалып, күніне үш мезгіл ыстық тамақ беріледі. Айта кетейік, мұндай бірлескен жұмыстар өңірде су тасқынының зардаптарын азайтуға айтарлықтай септігін тигізуде. Ал алдағы күндері ауа райына байланысты жағдай жіті бақылауда болады.