Өңір халқы тасқынмен күресте бір жұдырықтай жұмылып, еңбек етіп жатыр. Әскерилер және құтқарушылардан бөлек еріктілер де барынша өз үлесін қосу үстінде. Сондай-ақ, облыс орталығында орналасқан жекеменшік тамақ кәсіпорны да күндіз –түні бөгетті нығайтып жатқан жандарға арнайы ас дайындап, ыстық тағам жеткізуді жөн көрген.

Бөгеттерді нығайту және тасқынмен күреске арналған кез-келген іс-шара жігер мен қажырлы қайратты қажет етеді. Күні түні еңбек етіп жатқан қызметкерлер мен әскерилерге ыстық және құнарлы тамақ күш берері сөзсіз.

СНХ: НАТАЛЬЯ ТИМОНИНА, «OPEN SOUL INC» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРІ


Жалпы, бүгінде серіктестікте барлығы 15-ке жуық адам жұмыс істейді. Аспаздар әскерилер мен қызметкерлерге тамақты барынша қажетті мөлшерде жеткізуге тырысамыз дейді.

СНХ: ТАТЬЯНА ЗАХАРОВА, АСПАЗ


Тамақтану блогы қала ауруханасының аумағында орналасқан. Мұнда қазіргі таңда науқастарға қажетті тамақтардан бөлек 500-порцияға дейін ас әзірленеді.