«Желаяқ» толықметрлі мультфильмі 1 мамырдан бастап еліміздің барлық кинотеатрынан үлкен экранға жол тартады. Бұл «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Balapan» телеарнасы ұсынып отырған анимациялық туынды. Фильмнің басты кейіпкері бірінші сыныпта оқитын Әлем есімді бала. Ол бір күні ата-анасының зертханасында күтпеген оқиғаға тап болады. Сол сәттен бастап Әлем жылдам жүгіретін ерекше қабілетті балаға айналады. Мұның бұл супер күшін байқаған Мыстан есімді залым тартып алғысы келіп, түрлі амал ойластырады. Тіпті Әлемге шабуылдайтын арнайы топ құрады. Шытырман оқиғаға толы мультхикаяның соңы немен аяқталатынан 1 мамырдан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көре аласыздар.