Тасыған Есіл өзені суының деңгейі Петропавл қаласы маңында түсе бастады. «Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше, сағат 10.00-дегі мониторинг 4 см-ге төмендегенін көрсетті. Қазір ағын су Большая Малышка елді мекеніне де жетіп, ауылға қауіп төндірді. Тасқын сумен күресте жүрген арнайы қызметтер мен әскерилер қазір осы жерде тәулік бойы бөгетті нығайтып, қорғаныс жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қардың көбесі сөгілісімен өңірімізге лек-легімен келген әскерилер өткен жылғы тасқыннан кейін, су басқан аумақтарда салынған бөгеттерді нығайту жұмыстарына жұмылдырылған болатын. Ал олардың қазіргі міндеттері судың-бөгетті бұзып өтуіне жол бермеу. Сондықтан олар күні-түні қапшықтарға инертті материалдар толтырып, бөгеттердің қауіпті деген аумақтарын күшейтуде.

СНХ: ДУЛАТ ЫБРАЕВ - 99275 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ


Қазір су тасқынына қарсы жасақталған барлық арнайы қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жағдай күрделі, бірақ қатаң бақылауда, - дейді төтенше жағдай саласы мамандары. Тасқынға тосқауыл қою жұмыстарына Қостанай,Ақмола облыстары мен Астана қаласының құтқарушылары көмек қолын созып отыр. Күшіміз бірлікте деген осы.

СНХ: ВЛАДИМИР ХУТИНАЕВ - СҚО ТЖД ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ


Төтенше жағдайдың алдын алуға бағытталған құтқару жұмыстары қауіп сейілгенге дейін жалғасатын болады.