Келер жылы Қазақстанның 11 мәдени ескерткіші ЮНЕСКО-ның тізіміне енеді деп жоспарланып отыр. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осылай деді. Қазір еліміз бойынша ірілі-ұсақ 25 мыңнан аса ескерткіш бар. Оның тек оны ғана бүкіләлемдік мұра тізіміне енген. Министрдің мәліметінше жергілікті органдар тарихи жәдігерлерді күтіп ұстауға, жаңғыртуға, турист тартуға құлықсыз. Сондықтан оларды әлемдік деңгейде дәріптеу қиынға соғып жатыр. Аида Балаева тарихи ескерткіштерді әлемдік стандарттарға сәйкестендіріп, олардың маңызын арттыру үшін 7 министрлік бірлесе жұмыс істеуі керек деді.

СНХ: АИДА БАЛАЕВА ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ