Петропавлда Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлттық мұра: кітап арқылы болашаққа» атты әдеби кеш өтті. Оқушылар сахналық қойылымдар ұсынып, кітап пен этноәшекей жасау бойынша шеберлік сағаттарына қатысты, сондай-ақ өңірдегі жазушылармен кездесті.
Ұлттық кітап күніне орай Qyzyljar Creative Center-де орталығында жас оқырмандар, жазушылар мен әдебиет сүйер қауым жиналды. Жиынға қатысушылар кітап оқудың маңыздылығы мен мәдени мұраны сақтаудың қажеттілігі туралы ой бөлісті.
СНХР: НҰРГҮЛ ОҚАШЕВА – АҚЫН, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
Жазушылар өз шығармаларын таныстырып, оқушылар сол туындылардан үзінді оқыды. Коворкинг аймағында қатысушылар Алдар Көсе туралы фильм тамашалап, қазақ ертегілерінен қойылым сахналады, этноәшекей жасау мен авторлық кітап құрастыру бойынша шығармашылық шеберлік сағаттарына қатысты.
СНХР: СЕЗІМ ДУЛАТ – АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ
СНХР: АРСЕН НИЯЗОВ – БІРІНШІ ГИМНАЗИЯ ОҚУШЫСЫ
Іс-шара соңында оқушылар әдеби білімдерін сынайтын интерактивті ойындарға қатысты. Бұл кеш балалар үшін тек танымдық емес, шабыттандыратын әсерлі кездесу болды.