ҚР көлік вице-министрі Талғат Ластаев Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейіне барып, мектеп бітіруші түлектермен кездесті. Басты мақсат-салаға жастардың қызығушылығын арттырып, осы мамандықтың жаңа мүмкіндіктермен таныстыру.

Бүгінде көлік саласын таңдайтын жастар тапшы. Сондықтан қазір барлық жерде үгіт- насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінде 9-11 сынып оқушыларына автомобиль жолдарын салу, теміржол тасымалы, азаматтық авиация сынды мамандықтар жайлы кеңінен айтылды.

СНХ: ТАЛҒАТ ЛАСТАЕВ, ҚР КӨЛІК ВИЦЕ-МИНИСТРІ


ҚР көлік вице-министірімен кездесу барысында оқушылар осы салаға байланысты өз сұрақтарын қойды. Талғат Ластаевтан бөлек, басқа да лауазымды тұлғалар сұрақтарға жауап берді.

СНХ: ТАЛҒАТ ЛАСТАЕВ, ҚР КӨЛІК ВИЦЕ-МИНИСТРІ


Айта кетейік, көлік саласына қызыққан мектеп оқушылары үшін алдағы уақытта арнайы экскурсия ұйымдастырылатын болады. Лауазымды тұлғалар осы арқылы бұл саланы таңдайтын жастардың саны артады деген ниетте.