Өңірде «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Оның аясында СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жасөспірімдерге адам саудасымен байланысты қылмыстар тауралы айтты.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері колледждердің студенттерімен кездесу барысында қылмыскерлер ғаламторда көбінесе жоғары жалақысы бар жалған бос орындар, оқуға арналған гранттар ұсынады, некеге тұруға шақырады, тіпті жұмысқа орналастыруға шақыратын жалған агенттіктер немесе модельдік агенттіктер арқылы адамдарды алдайтынын айтты. Құқық қорғау органдары қызметкерлері ұсынылған бос жұмыс орындарын, ықтимал жұмыс берушінің беделін мұқият зерделеу қажеттігін ескертеді. Өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді әлеуметтік желілерде жариялауға болмайды – қаскөйлер бопсалау мақсатында оларды пайдалануы мүмкін. Жол жүру кезінде ешкімге өз жеке куәлігіңізді беруге болмайды, жеке құжаттарыңыз өзіңізде болуы қажет. Адам саудасы фактілері туралы 116-16 «жедел желісіне» немесе «102» арнасына хабарлауға болады. Жастар арасындағы ақпараттық жұмыс «2025 жылға арналған жезөкшеліктің әлеуметтік профилактиксы бойынша Жол картасы» тармақтарын іске асыру шеңберінде облыстың білім басқармасымен бірлесіп ұдайы жүргізіледі.