Өңірде «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу» күні атты іс-шара өтті. Ерекше науқан Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылды. Оған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов,ардагерлер, депутаттар, қоғам және ҚХА өкілдері қатысты.

Соңғы үш күн ішінде «Бүкілқазақстандық ағаш отырғузы күні» іс-шарасы аясында еліміздің барлық аймағында 4,5 миллион ағаш көшеттері отырғызылған. Бұл экологиялық бастаманы Солтүстік Қазақстан облысы да қолдап, эстафетаны жалғастырды. Жалпы, елді-мекен мен орман алқаптарында 42 мыңнан астам көшет отырғызылды.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


Акцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, ардагерлер, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, қоғам белсенділері, депутаттар, еріктілер мен студенттер қатысты. Жеңіс саябағында олар бірігіп 100 түп қарағай көшетін отырғызды.

СНХ: РАШБИЛЬ ЕВДАЕВ – "СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ЕВРЕЙ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІ" ҚБ ТӨРАҒАСЫ


Аталмыш акцияға жастардың белсене қатысуына ерекше көңіл бөлінді. Жалпы, мұндай акциялардың басты мақсаты - табиғатқа жанашырлықпен қарауға және патриотықққа тәрбиелеу.

СНХР: БЕКЗАТ ЛАТЫПОВА – «AMANAT» ПАРТИЯСЫ СҚОФ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ


Мамандар ағаш отырғызбастан бұрын топыраққа талдау жүргізіп, құнарлығын тексерді. Нәтижесінде бұл жерде ағаштар жақсы өсіп, тамыр жаятыны анықталды. Айта кетейік, қазіргі таңда өңірді көгалдандыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр.

СНХ: ТИМУР ЗВЕРЯЧЕНКО – М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ДОЦЕНТІ


Қоса кетейік, облыс аумағындағы елді-мекендерде қазіргі күннің өзінде 17 мыңнан астам, ал орман қоры алқаптарында 25 мың ағаш отырғызылған. Апта соңына дейін бұл көрсеткішті қала мен ауылдарда 28 мыңға, ормандарда 90 мыңға жеткізу жоспарланған. Көгалдандыру жұмыстары облыс орталығында да жүргізілді. «Береке» шағын ауданында 100 терек, «Бірлікте» 400 көшет егілді. Жалпы, республикалық акция аясында өңірде барлығы 118 мың ағаш отырғызылмақ.