Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі аясында Астана қаласындағы «Жастар» саябағында экобелсенділермен бірге ағаш екті. Одан соң, «Таза Қазақстан» экофестиваліне арналған көрмені тамашалап, экологиялық жобалармен танысты. Олардың ішінде оқушылардың, ғалымдардың ойлап тапқан стартап жобаларымен қатар, жүзеге асырыла бастаған ауқымды жобалар да бар. Тазалық акцияларында ерекше белсенділік танытқандарды марапаттап, алғысын айтты.

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ