Көру қабілеті бұзылған сайлаушылар енді ешкімнің көмегінсіз өздері дауыс бере алады. Пилоттық режимде қолданылған NVDA дыбыстық бағдарламаcы, қазір Павлодарда сынақтан өтіп жатыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен жиында айтылды. Жаңа технология арқылы зағип жандардың сайлауға қатысу белсенділігі артпақ,-дейді "Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілі. Сондай-ақ жиында, мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын қорғауға арналған Жол картасы әзірленетіні айтылды. Мақсат – сайлау инфрақұрылымын барлық азаматқа қолжетімді ету.
СНХ: АСҚАРБЕК ЕРТАЕВ – ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ