Петропавл қалалық жалпы білім беретін №28 орта мектепте Ұлттық кітап күні аясында «Абай идеясын заманауи білім жүйесінде дамыту» республикалық семинар-практикумы өтті. Семинарға тіл жанашырлары, білім беру ұйымдарының мұғалімдері, кітапханашылар, оқытушылар мен Тілдерді оқыту орталықтарының өкілдері, сондай-ақ Ресейдің Омбы, Қорған, Түмен облыстарынан келген қазақ тілі мамандары қатысты.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен өткен семинар ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды.
СНХР: ҮМIТЖАН ШЫНТЕМIРОВА, ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Өмірінің 32 жылын білім саласына арнап келе жатқан Қарлығаш Қараманова — Омбы қаласындағы №104 және №130 орта мектептердің қазақ тілі мұғалімі. Тәжірибелі ұстаз жыл сайын Петропавл қаласына келіп, түрлі семинарлар мен курстарға қатысып, білімін жетілдіріп отырады. Оның айтуынша, бұл жолғы семинардың Абай мұрасына арналуы ерекше маңызға ие. Ұлы ойшылдың идеялары мен өнегелі сөздері — бүгінгі жас ұрпақтың рухани тәрбиесі мен тілдік дамуына бағыт-бағдар беретін құнды құрал. Тәжірибелі ұстаз бұған дейін жинаған әдістемелік тәжірибесін оқыту жүйесінде қолданып келеді.
СНХР: ҚАРЛЫҒАШ ҚАРАМАНОВА, ҚАЗАҚ ТІЛІ МҰҒАЛІМІ, ОМБЫ ҚАЛАСЫ
Айта кетейік, іс-шараға барлығы 100-ден астам білім саласының мамандары қатысып алғыс хаттармен марапатталды.