Отан игілігі үшін аянбай қызмет етіп, ерлік пен батырлық көрсеткен тұлғалар - үлгі тұтарлық азаматтар. Солардың бірі - Ескендір Қасымбай. Әскери қызметші 3 жыл бұрын, яғни 2022 жылдың шілдесінде адам өмірін сақтап қалды. Бірақ ол бұл әрекетін ерлікке баламайды, көмекке мұқтаж адамға көмектесу әрбір әскери қызметшінің міндеті деп санайды. Бейбіт күннің батырымен Отан қорғаушылар күні қарсаңында кездесіп қайттық.

Қайғылы оқиға Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы Үлкен Шабақты көлінде 2022 жылдың 14-шілдесі күні болды. Ескендір Қасымбай жағадан жарты шақырым жерде ересек адам мен баланың көмек сұрап айғайлаған дауысын ести сала еш ойланбастан көмекке асығып, дер кезінде үлгерген.

СНХ: ЕСКЕНДІР ҚАСЫМБАЙ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ 44813 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМШЕ БАСТЫҒЫ


Көрсеткен батылдығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Ескендір Сәбитұлы бала кезінен әскери қызметші болуды армандаған. 2014 жылы Алматы Республикалық Жасұлан мектебіне түсіп, өз өмірін әскери саламен байланыстырды. 2016-2021 жылдары Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтында оқыды. 2021-2024 жылдары Ақмола облысы, Щучинск қаласында 44813 әскери бөлімінің Жеке радиолокациалық ротасында қызмет атқарды.

СНХ: ЕСКЕНДІР ҚАСЫМБАЙ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ 44813 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМШЕ БАСТЫҒЫ


Байланыс және автоматтандырылған жүйелер бөлімшесінің бастығы Ескендір Қасымбайдың осындай ерлігі қатардағы жауынгерлерлер үшін өнеге.

СНХ: САЛАУАТ ЕГІНБАЙ, МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІ


Ескендір Қасымбай өз ісінің шебері. Бүгінде сарбаздарды темірдей тәртіпке үйретіп, бар білгенін үйретіп жүр.