Жамбыл ауданында мал азығын дайындау мен шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жоспарланған шөп көлемінің жартысына жуығын қамтамасыз етіп үлгерді. Кейбір шаруашылықтарда сүрлем салу жұмыстары да аяқталып келеді. Биыл қай дақылдар басым және ауа райы жағдайы қаншалықты қолайлы?
Ауыл шаруашылығы министрлігі аймақты бір жарым жылдық мал азығымен қамтамасыз ету тапсырмасын қойған еді. Жамбыл ауданында бұл бағытта қарқынды жұмыс атқарылуда. Қазанка ауылы маңында орналасқан «Шатило и К» ЖШС шамамен 5 мың тонна сүрлем дайындап, шөп шабуды бастаған. Биыл аудан бойынша егістік алқаптарының көлемі, диверсификацияны ескере отырып, 300 мың гектардан асты – бұл жоспардан 2,7 мың гектарға артық.
СНХ:РҮСТЕМ ДҮЙСЕМБЕКОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІНІҢ
СНХ:ОЛЕГ АДАМ, «ШАТИЛО И К» ЖШС ДИРЕКТОРЫ