WorldSkills Kazakhstan – 2025 байқауы өз жұмысын жалғастырып жатыр. Оныншы өңірлік чемпионат Солтүстік Қазақстан облысының ең дарынды және ынталы студенттерін бір арнаға тоғыстырды. Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде қатысушылар «Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша бақ сынады. Бұл – шығармашылық пен дәлдікті талап ететін ерекше мамандықтардың бірі. 

Кәсіби биіктерге дайын жас мамандар WorldSkills Kazakhstan – 2025 чемпионаты аясында бас қосты. Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде студенттер торт безендіру, күрделі десерттер әзірлеу және шоколадпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетуде. Мұнда тек техника ғана емес, сонымен қатар стиль, дәм сезімі мен композицияға деген көзқарас та маңызды.

СНХР: ЕКАТЕРИНА КАЛГАНОВА, ЖҚЭК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Чемпионатқа алғаш рет қатысып жатқан Жоғары колледждің студенті Валерия Шаврина құрамы жағынан ерекше торт әзірлеуде. Ол үшін бұл чемпионат – арманға апарар жол және өзін көрсету мүмкіндігі.

СНХР: ВАЛЕРИЯ ШАВРИНА, ҚАТЫСУШЫ


WorldSkills чемпионаты — бұл жай ғана байқау емес, бұл — кәсіби дамудың нақты мектебі. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар Астанада өтетін республикалық кезеңге жолдама алады.