Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай қалалық Мәдениет үйінің сахнасында драматург Тамара Макарскаяның пьесасы негізінде «Огонек на ветру» спектаклінің премьерасы өтті. Қойылымды көрерменге Халық драма театры ұсынды.

«Огонек на ветру» қойылымында Отан соғысы жылдарындағы адамдардың қандай қиындық болмасын, үміт пен сенімін жоғалтпағандықтары айқын көрініс табады. Қойылымның негізінде – қарапайым адамдардың тағдыры, олардың сезімдері мен өз болмысын жоғалтпауға деген талпынысы жатыр. Спектакльге әртүрлі мамандық иелерінен құралған 12 әуесқой әртіс қатысты. Әрқайсысы өз кейіпкерін шынайы сомдап шықты.

СНХР: Надежда Окунева – Қалалық Мәдениет үйінің Халық драма театрының жетекшісі


Басты рөлдердің бірін тетар сахнасында он жылдық тәжірибесі бар актер Артур Азизляр сомдады. Оның кейіпкері – екіұшты тұлға: бастапқыда қоғамның теріске шығарған коллаборационисті болса, кейін билікке келген соң өз ережелерін орната бастайды. Мұндай оқиғаларда жиі кездесетіндей, оның жолының соңы трагедиямен аяқталады.

СНХР: Артур Азизляр – Қалалық Мәдениет үйінің Халық драма театрының әртісі


Қойылым бір сағаттан астам уақытқа созылып, көрермендерге терең әсер қалдырды. Тарихтың күрделі кезеңдері және оның салдары туралы ой салды.