Дені сау бала –болашақ жемісі. Кішкентай кезінен бастап баланың денсаулығына көңіл бөліп, спортпен белсенді айналысуына жағдай жасау аса маңызды. Сондай-ақ, дұрыс тамақтануға да назар аударған абзал.
Физикалық белсенділік баланың дене бітімін дұрыс қалыптастыруға, бұлшықеттерін нығайтуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, төзімділікке үйретіп, икемділікті дамытады. Алайда, ағзада қажетті дәрумендер болмаса бала әлсіз болып, түрлі ауруларға шалдығуы мүмкін. Сондықтан, балалардың жетілуінде дұрыс тамақтанудың маңызы зор.
СНХ: ЖҰЛДЫЗ ХАСЕНОВА – СПОРТ ДӘРІГЕРІ