Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада есімі өңір жұртшылығына белгілі журналист Зарап Құсайыновтың 70 жылдық мерейтойына арналған жиын өтті. Іс-шараға қаламгердің әріптестері, шәкірттері мен студенттері шақырылды. Жиында Зарап Ғазезұлының еңбек жолы, азаматтағы мен шығармашылығына шолу жасалды.
Зарап Құсайынов - өз ісінің шебері. Журналистика саласында талай жыл тер төгіп, бірсыпыра шәкірт тәрбиелеген. Қаламгер өзекті туындыларымен тындарманның жүрегінен ойып тұрып орын алды. Тұрғындардың базыналарын мақалалары арқылы жергілікті әкімдік өкілдеріне жеткізді. Жақында тәжірибелі тәлімгер 70 жасқа толды. Осыған орай Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында жиын өтті. Талантты жерлесімізді құттықтауға үзеңгілестері мен шәкірттері келген.
СНХ: ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ, СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
Жиында қаламгердің жарты ғасырлық еңбек жолы баяндалды. Шара барысында теріскейдің нар тұлғасының иығына шапан жабылды.
СНХ: ЗАРАП ҚҰСАЙЫНОВ, АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТ
Зарап Құсайынов - білімі мен біліктілігі мол, кез келген мәселені ақылмен шешетін азамат. Қаламгер спортты жаны сүйеді. Бағбаншылықпен де айналысқанды ұнатады екен. Осы сияқты жиындар жас буынның өсуіне зор септігін тигізеді,- дейді "Қызылжар-Ақпарат" серіктестігінің директоры Ербақыт Амантайұлы.
СНХ: ЕРБАҚЫТ АМАНТАЙҰЛЫ, "ҚЫЗЫЛЖАР-АҚПАРАТ" ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Зарап Құсайынов 70 жасқа келсе де әлі де қолынан қаламын тастамаған. Ол қазіргі таңда Астанада тұрады екен. Ағамыз бізбен тілдесу барысында әркез теріскейді сағынатынын жеткізді.