Петропавл қаласындағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Қазақ елдігін сақтап қалудағы батырлардың рөлі» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, батырлардың ұрпақтары, студенттер, сондай-ақ еліміздің түкпір-түкпірінен профессорлар мен зерттеушілер онлайн қатысты.
Конференцияда қазақ батырларының елдік жолындағы ерлігі мен тағылымды өмірі кеңінен сөз болды. Тарихшылар мен зерттеушілер батырлардың ел бірлігін сақтаудағы маңызын атап өтті. Құлеке, Құлсары, Райымбек сынды ерлердің күресі – бүгінгі ұрпақ үшін үлкен үлгі. Жиынға қатысушылар тарихи деректерге сүйене отырып, ұлт үшін жанын қиған ерлердің рухын жаңғыртты.
СНХР: ӘЛИЯ ХАЙМУЛДИНА, «АБЫЛАЙ ХАН РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» МУЗЕЙ КЕШЕНІНІҢ ТАРИХ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
СНХР: БАУЫРЖАН ЖҮНҮСОВ – «АБЫЛАЙ ХАН РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» МУЗЕЙ КЕШЕНІНІҢ ТАРИХ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастардың бойына патриоттых рух беріп, елін, жерін сүюге тәрбиелейді.