Солтүстік Қазақстанның бёрдвотчерлер клубы 2007 жылы М.Қозыбаев атындағы университет жанынан құрылған. Оның құрамында оқытушылар, студенттер, түлектер мен биология пәні мұғалімдері бар. Құстарды жақсы көретін жандар негізінен табиғатты қорғау, ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қанатты достардың өмірін бақылауға біздің түсірілім тобы да қатысты.
Көбіне саябақтар мен аллеяларда қолында фотоаппараты бар адамдар жиі кездеседі. Ал олар өз объективтері арқылы – осындай табиғаттың көркемдігін көреді. Бёрдвотчерлер ғылыми жобаларға да белсенді қатысады. Солардың бірі – қызыл кітапқа енген қызылжемсаулы қаздарды спутник арқылы белгілеу, сақина тағу жұмыстары.
СНХ: МИХАИЛ КАЛАШНИКОВ – СҚО БЁРДВОТЧЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Құстар ұшып өтетін, отырықшы, қыстайтын және кездейсоқ ұшып келген деп бөлінеді. Сонымен қатар олар мекендеу ортасына қарай да жіктеледі. Мысалы, дендрофилдер – ағашты жерлерді, ал лимнофилдер – су маңындағы өсімдіктерді таңдайды.
СНХ: МАКСИМ СОРОЧИНСКИЙ – ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Петропавл қалалық саябақ – бұл рекреациялық аймақ. Яғни, мұнда демалуға адамдар ғана емес, құстар да жиналады.