8–14 сәуір аралығында Астанада спорт шеберлігіне үміткер және бірінші спорттық разрядтағы қыздар арасында көркем гимнастикадан республикалық чемпионат өтті. Сайысқа еліміздің 17 өңірінен келген гимнастшы қыздар қатысты. Өңір намысын «Грация» командасы қорғап, жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, күміс медаль иеленді. Сондай-ақ, үздік 8 команданың қатарына енді.

Чемпионатқа дайындық бірнеше айға созылған. Гимнастшы қыздар әдіс-тәсілдерін шыңдап, жаңа комбинацияларды үйреніп, үйлесімділік пен көркемдікке ерекше мән берді. Көп қатысушылар үшін бұл чемпионат жай ғана жарыс емес, төзімділікке, жігерге және командамен жұмыс істеуге үйрену кезеңі болды.

СНХ: ЮЛИЯ КОЛЕСНИКОВА, «ОЛИМП» БЖСМ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ


Жекелей өнер көрсетуде Дарина Бауыржанқызы ерекше көзге түсті. Жас гимнастшы чемпионаттың ең үздік 15 спортшысының қатарына кірген.

СНХ:ДАРИНА БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, ГИМНАСТШЫ


 Мұндай деңгейдегі жарыстарға қатысу — тек тәжірибе жинау ғана емес, сонымен қатар алдағы додаларға шабыт алу. Жаттықтырушылар мен спортшылар бұнымен тоқтап қалмай, алдағы сайыстарға тынбай дайындық үстінде.