Еліміздің 12 өңірінде жылу маусымы аяқталды. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғыт Есімханов орталық коммникациялар қызметінде хабарлады. Оның айтуынша, солтүстік аймақтарда жылыту мерзімі сәуірдің соңына дейін жалғасады. Биыл бұл салада технологиялық бұзушылықтар 27%-ға төмендеген. Жылу электр орталықтарында тозу деңгейі 61%-ға дейін азайған. Жылу желілерінде де айтрлықтай оң өзгерістер байқалады. Ведомство басшылары алдағы жылыту маусымында ешқандай қиындық тумас үшін, дайындықты қазірден бастап кеткен.

СНХ: СҰҢҒАТ ЕСІМХАНОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ