Инвесторларға негізсіз тексерістер мен айыппұл салу, субсидия төлемдерін кешіктіру. Осы және өзге де мәселелер облыстық прокуратурада инвесторларымен өткен кездесуде талқыланды.
Сергей Домаев – өңірдегі ірі инвестор. Оның құс етін өндіретін компаниясы бірнеше рет Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан негізсіз қысымға ұшыраған. Прокуратураға жүгінгеннен кейін салынған айппұлдар толықтай жойылған.
СНХ: СЕРГЕЙ ДОМАЕВ, «СЕВЕРНЫЙ БРОЙЛЕР» ҚҰС ФАБРИКАСЫ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ
Аталған заңбұзушылықтарға қатысы бар барлық лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Биылдың өзінде прокурорлар 32 проблемалық жағдайды сүйемелдеп, оң шешім шығарған.
СНХР: ӘБУ-ӘЛИ САТТАР, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Кездесуде инвесторларды толғандыратын өзекті мәселелер талқыланды. Облыстық прокуратураның бақылауында жалпы құны 900 млрд теңге болатын 85 инвестициялық жоба бар.