Биыл 7 сәуірден бастап облыс аумағында жалпы ауданы 35 гектар болатын 4 дала өрті тіркелді. Сонымен қатар, 200 гектарға жуық аумақта құрғақ шөптің жануынан 76 өрт болды.
Өңірде өрт қауіпті кезеңге дайындық мақсатында 55 бірлескен мобильді топ құрылды. Қауіпсіздік ережелерін бұзған азаматтарды анықтау мақсатында 60-тан астам рейд жүргізілген. Нәтижесінде, 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 9 адамға ескерту берілген. Ал, 1 адамға 30 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 143 өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан 13 адам қаза тапты. Оның – 3 еуі бал. Сондай-ақ, 15 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды.
СНХ: ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ