Ауылды аймақтарды абаттандыру мен дамыту бағдарламасының басты мақсаты ауыл халқына қолайлы жағдай жасау. Бұл жұмыстар Шал ақын ауданындағы Жаңажол мен Мерген ауылдарын да айналып өтпеді. Қазіргі күні аталмыш елді мекендерде медициналық қосын, спорт кешендері мен басқа да әлеуметтік нысандар жұмыс істеп тұр. Шалғай ауылдардағы өзге да ақжолтай жаңалықтар жайында тілші бейнематриалында толығырақ.
Шал ақын ауданындағы Жаңажол ауылы жылдан жылға көркейіп келеді. Бұл кезең-кезеңімен үздіксіз жүзеге асырылып жатқан абаттандыру жұмыстарының жемісі. 2016 жылы салынған заманауи спорт кешенінде қазіргі күні баскетбол, волейбол және футзал секциялары жұмыс істеп тұр. Одан бөлек үлкен футбол алаңы да бар. 2023 жылы мұнда жалпы ұзындығы 4 шақырым асфальт төселген. Қазіргі күні бейнебақылау камералары орнатылып жатыр.
СНХ: САЯН ЕСТАЕВ – ЖАҢАЖОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫ
Елді мекендегі тағы бір маңызды нысан ол – халыққа ем-дом көрсететін медициналық қосын. Өткен жылдың қазан айында қолданысқа берілген мекемеде қабылдау, екпе, процедура кабинеттері жұмыс істеп тұр.
СНХ: РАЙХАН ЗІКІРИНА – ЖАҢАЖОЛ АУЫЛДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТІНІҢ ФЕЛЬДШЕРІ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫ
Елдегі инфрақұрылым жағдайы жыл санап жақсарып келеді.Ауыл халқы оң өзгерістерге дән риза.
Шал ақын ауданындағы Мерген ауылы шағын болса да оны келешегі бар елді-мекендердің қатарына жатқызуға болады. Жергілікті билік пен "Гермес Агро" серіктестігінің бірлескен жұмыстарының арқасында мұндағы халыққа барлық жағдай жасалған. 2021 жылы ауыл мектебі үшін мұнда жаңа спорт кешені салыныпты. Онда балалар бүгінде спорттың бірнеше түрімен шұғылданады.
СНХР: ВАЛЕНТИНА ЛОПУХ- МЕРГЕН НЕГІЗГІ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫ
Былтырға дейін Мерген ауылында мүлдем медециналық мекеме болмаған. Басы аурып балтыры сыздағандар көрші ауыл немесе аудан орталығына баруға мәжбүр екен. Өткен жылдың желтоқсан айында мұнда іске қосылған жаңа медициналық қосын тұрғындардың тағы бір проблемасының шешімін тапты. Қазіргі күні мұнда үш маман еңбек етеді.
СНХ: ЛӘЗЗАТ МОЛДАБЕКОВА – МЕРГЕН АУЫЛЫНЫҢ МЕДБИКЕСІ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫ
Өз ауылдарында медициналық қосынның іске қосылғанына халық риза. Елдегі жағдайдың жыл санап жақсарғаны да көңілге қуаныш ұялатады дейді тұрғындар.
Мерген ауылында бүгінде шағынмаркет, тұшпара цехы, асхана, қонақ үй және наубайхана жұмыс істейді. Одан бөлек "Гермес Агро" серіктестігі өз қаражаты есебінен еңбеккерлері мен ауыл тұрғындарына жаңа 25 үй салған. Тағы 4 үй салу жоспарланыпты.
СНХ: СЕРГЕЙ ОКУНЕВ - "ГЕРМЕС АГРО" СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫ
Ауылда бүгінде су, көшелерді жарықтандыру мәселесі 100 пайыз шешімін тапқан. Асфальт төсеу жұмыстары 10 мың шаршы метр жерге жүргізіліпті.